Сауран ауданында жаңа өндіріс орындарын ашып, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешу – басты назарда. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістікті суарудың озық тәжірибелерін енгізуді, инвестиция тартып, өнім көлемін арттыру, мал шаруашылығын дамыту, аудандағы инфрақұрылым мен тарихи туризмді және де экотуризамді дамыту бағытында жұмыстар жүзеге асады.
Сауран ауданында ағайынды Азизбек пен Бахадыр Абдужалиловтар есік дайындайтын шағын цехты іске қосты. Аталмыш өндіріс орнында 60 адам жұмыс істейді. Цех жылына 150 мың есік дайындап шығарады. Заманауи құрылғылармен жабдықталған цех өнімі сапалы әрі бағасы қолжетімді. Кәсіпкерлер алдағы уақытта көрші облыс, қалалардан да тапсырыс қабылдауды жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Нартәуекел етіп, бастаған ісіміз өрге басып, сұраныс артып жатыр. Қазір кәсібіміздің арқасында біраз жетістікке жетіп жатырмыз», — дейді ағайынды Абдужалиловтар.
Өндірісті өркендету – Түркістан облысы экономикасының басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы арқылы өңірде жаңа өндіріс орындары ашылып, инвестициялық белсенділік едәуір арта түсті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы […]
ЖЕРГІЛІКТІ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БЛОГЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА! Әгәрәки, сіз Түркістан жаққа атқарушы биліктің жұмысын сынап немесе заңсыз іс-әрекеттерін әшкере етіп бара қалғанда, үш бөлмелі пәтер мен «Таиота камри» автокөлігін ұсынса, «бинго ұстадым» деп мәз болып келісе қоймаңыз. […]
Түркістан облысы Ордабасы ауданының 55 жасқа толуына орай өткен дүбірлі тойға ҚР Премьер-Минстрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Аудан орталығы Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда өткен салтанатты шараға келген […]
Пікір қалдыру