Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде ақын, сазгер, ұлағатты ұстаз Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейлі 63 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті. Бұл шара оның талантын бағалаушылардың, қазақ мәдениеті мен өнерін сүйетіндердің басын қосты.
Кеш Әбдіхалық Әбдірайымұлының өмірі мен шығармашылығының жарқын сәттерін ұсынған бейнероликпен басталды. Шығармашылық жиынға Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев қатысып, кеш иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ облыс әкімінің «Құрмет» ордені мен құттықтау хаттарын табыстады.
Жүрек тебірентер шығармаларымен көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Әбдіхалық Әбдірайымұлының мерейтойына жиналғандардың қарасы қалың болды. Жиналған халықтың барлығы актерлердің шеберлігіне тәнті болып, қазақ мәдениетінің рухын сезіне білді. «Шымкент шоу» әртістері әзіл-оспақ, театр және музыкалық қойылымдардың қайталанбас үйлесімін көрсетіп, ерекше көңілді атмосфераны қалыптастырды. Көрермендер әлеуметтік мәселелермен қаныққан көріністерді көріп, күлкіге қарық болды. Кеш соңында «Шымкент шоу» бағдарламасына қатысушылар қолдау көрсетіп, ықылас танытқан көрермендерге алғысын білдірсе, ақын өз кезегінде өз шығармашылығымен бөлісуге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Көрермендерге жаңа кездесулер мен жақсы әсер алып, жүздерінде күлкі, жүректерінде шабыт орнады.
Айта кетейік, Әбдіхалық Әбдірайымұлы – қазақ өнеріндегі ең жарқын тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы терең этникалық тамырмен, қазақ тілінің байлығымен сусындаған. Ал әндері мен өлеңдері қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, қуанышы мен мұңын, арман-тілектерін бейнелейді. Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаз-жүлдегерінің «Тұяғымын тұлпардың», «Сәбит серінің семсер сөздері» атты жыр жинақтары жарық көрген. Елге танымал әндердің авторы. «Шымкент-шоу» театрының Президенті, ҚР Мәдениет қайраткері.
Түркістан қаласында өтіп жатқан халықаралық инвестициялық форумға әлемнің алпауыт компания өкілдері қатысуда. Форум аясында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы түрлі саладағы инвесторлармен келіссөз жүргізді. Нәтижесінде алдағы уақытта инвестиция құны 141,5 млрд теңге болатын 6 жоба […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретіндегі ерекше мәртебе мәселесін көтеріп, тиісті тапсырма берген болатын. Осыған байланысты жаңа заң жобасы әзірленді. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң […]
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан қаласында тұрғындардың бастамасымен тағылымды әрі әсерлі мерекелік іс-шара жүзеге асты. Қаладағы 1-мөлтек ауданында орналасқан №3 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары ортақ келісімге келіп, өз үйлерін мемлекеттік рәміздермен және Тәуелсіздік мерекесіне […]
Пікір қалдыру