Түркістан қаласына Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «QAZAQSTAN DAUIRI» ЖШС-нің Бас директоры, «Ел-Ана» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайтының бас редакторы Сәуле Мешітбайқызы жұмыс сапарымен келді.
Елдің анасы атанған ақжаулықты ана қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болып, өңірде атқарылған жұмыстарға өз бағасын берді.
Сәуле Мешітбайқызы Түркістандағы естеліктерімен бөлісіп, өз тарапынан әрдайым ақпараттық және рухани қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Кездесуге қатысқан облыстағы үйлестірушісі, Түркістан қаласының құрметті азаматы Дана Садыққызымен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарын талқылап, жиын соңында ақ батасын берді.
Сәуле Мешітбайқызы қарапайым мұғалімнен бастап оқу орнының директорына дейін әртүрлі мекемелерде жауапты жұмыс істеп келді. Ақпарат пен журналистикаға кеш келсе де, егде жасында ақпарат саласында басшылық етіп, үлкен мекеменің директоры болып газет пен журналдың тізгінін ұстап, тоқтаусыз шығарып келеді. Осылайша ұрпақ тәрбиесімен айналысып, қызмет атқарып келеді.
«QAZAQSTAN DAUIRI» газетінің, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас директоры, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық, әлеуметтік-ақпараттық сайттарының бас редакторлық қызметін ала жүрген Ардақты Сәуле апамыз сексенді алқымдаса да қаланың, елдің дамуы жолында түрлі ой-толғанысын жеткізіп жүр.Сәуле Мешітбайқызы – қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен мәдениетінің дамуына, жетім балалар, тұрмыс деңгейі төмен және көп балалы отбасылар, көші-қон мәселелері, мәдени, тарихи ескерткіштердің сақталуы, мемлекеттік тілдің дамуы сияқты көптеген мәселелердің шешілуіне зор үлес қосып жүрген қоғам қайраткері, бірегей, жан- жақты тұлға.
Сәуле Мешітбайқызы республикамыздың әр түкпірінде, ұжымда, қоғамдық-саяси өмірінде маңызды тұлғалар, зиялы қауым мен барлық әлеуметтік топтар арасында зор құрметке ие.
Жаз мезгілі – демалыс, сергектік пен табиғат аясында тынығудың таптырмас кезеңі. Ауа райының жылынуымен өзен-көлдер мен жағажайларға асыққан жұртшылықтың қарасы көбейіп, суға түсу маусымы басталады. Алайда дәл осы кезең – қауіп те артатын уақыт. Суға […]
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, қала тазалығы мен сәулетін сақтау, сондай-ақ рұқсат етілмеген орында сауда жүргізу мәселелеріне қатысты рейдтік шаралар өткізілді. Бұл шаралар аясында қала тұрғындарының мүддесін қорғау, […]
Жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 20 техника жұмылдырылды. Оның 8 данасы – КДМ машиналары, 4 дана – «Беларус» тракторы, 7 дана – қызыл түсті, тротуар тазалауға бейімделген шағын […]
Пікір қалдыру