ШЫМКЕНТ: ҚАЛАҒА ЕГІЛГЕН КӨШЕТТЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗЫ КӨГЕРІП ЖАТЫР

Иллюстрациялық сурет интернеттегі ашық дереккөзден алынды.

Шымкентте былтыр егілген ағаш көшеттерінің 75-80 пайызы көгеріп өскен. Бұл жайлы Қалалық ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы мәлімдеді. 

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Әл-Фараби ауданы халқымен кездесу барысында, табиғат жанашыры Гүлнар Өтебаева, көктем айларында Рысқұлов көшесі бойына егілген ағаштар жаз айларында суғарылмай қурап қалғанын айтады. Ол бұл жайлы қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу барысында мәселе көтергенболатын.

«Мен қаладағы абаттандыру мәселесін осымен 2-3 рет көтеріп отырмын. Біздің Рысқұлов көшесінің бойына көктем айларында талдар егілді. Бірақ, өкінішке қарай солардың ешқайсына жаз бойы су қойылмай, барлығы өспей қалды. Сол ағаштарды отырғызуға бюджеттен пәлен ақша кетті. Солардың түптеріне тым болмағанда тамшылатып суғару әдісін қолданса да, бірдеңе істеуге болар еді. Сол жұмыстардың ешбірі атқарылмады, салдарынан талдардың барлығы қазір қурап қалды»,— деді Гүлнар Өтебаева.

Десе де, қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы тал, жасыл шөп егкенде тамшылатып суғару тәсілі қолданып жатқанын алға тартты. Соған қарамастан ағаштардың бірі көгерсе, енді бірі өспей қалғанын жоққа шығармады.

«Былтыр біз Рысқұлов көшесі бойында биіктігі 4 метр болатын ағаштар егтік. Олардың дені жапырақты ағаш көшеттері болатын. Жалпы біз Рысқұлов көшесі бойына жерасты суларына арнайы ұңғыма қазып, жерасты суымен суғарып жатырмыз. Бізде жалпы былтыр егілген ағаштардың 25 пайызы көгермей қалды. Суғару жүйесі болса да, өкінішке қарай 25 пайыз ағаш қурап кетті»,— дейді қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Бақытқалиұлы.

Қала әкімі Ғабит Әбдімажитұлы, Гүлнар Өтебаевадан тек қураған ағаштарға қарамай, көше бойындағы ағаштарды толық көріп шығуын сұраған. Алайда қоғам белсендісі, мекен жайының сол маңда екенін айтып, көше бойынан күніге өтетінін жеткізді. Айтуынша көтемде отырғызылғанына қарамай, ағаштардың көп болғанда  1-2 данасы ғана көгергенін, қалғандары қурап кеткенін айтады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*