Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы жоспардан тыс Жетісай қаласындағы Т.Жүргенбаев көшесінің бойында ораналасқан көпқабатты тұрғын үйді аралап көріп, тұрғындарымен тілдесті.1978 жылы салынған бұл үйлерде кәріз жүйесі жүргізілмегенін айт кеткен жөн. тіпті, әжетханалары да сыртта орналасқан. Екі қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйдің бүгінгі жағдайын көрген әкім шұғыл түрде төтенше жағдай шараларын қабылдау қажеттігін айтып өтті. Мұнда да тұрғындарға тиісті жағдай жасалмағанына куә болған әкім, кезінде кәріз жүйесіне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсамаған азаматтарды тауып, тиісті шара көру жөнінде аудан әкіміне тапсырма берді.Жетісай қаласында жалпы 171 көпқабатты тұрғын үй бар екенін айта кетейік. Оның ешбірінде кәріз жүйесі жүргізілмеген. Бүгінде бұл үйлердің барлығына кәріз жүйесін жүргізу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңшаларын салып, абаттандыру жұмыстары да жүргізілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстіктен Иранға 20 мың тонна ет экспорттау көзделіп отыр
Жылына 2 млн. 400 тонна ет тұтынатын Иран Ислам мемлекетіне ОҚО-дан 20 мың тонна ет экспорттауға екіжақты келісім жасалды. Облысымызда соңғы екі жылда 865 мың бас ірі қара, қой-ешкі 155 мыңға көбейіп 3 млн. 893 […]
Ж. Түймебаев «Қылмысты азайтудың ұтымды жолы — жұмыссыздықты жою»
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция бастығы, полковник Әбдіғани Сейдуалиев осы жылдың 5 айында атқарған жұмысын қорытындылады. Оның айтуынша, тіркелген қылмыстардың негізгі бөлігін […]
ОҚО әкімі Ж.Түймебаев: Біз білім беру саласында бүкіл еліміздің аймағына үлгі болуымыз қажет
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі жастарға арналған интелектуалдық дебат ойындары мен арнайы жастар бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қоса Жансейіт Түймебаев ешбір облыста біздегі сияқты 12 жоғарғы оқу орны мен кәсіптік білім беретін 90 колледждің жоқ екенін […]
Пікір қалдыру