Отырар ауданында «Тұзданған топырақтарды жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы жүгері дақылының өнімін арттыру» тақырыбында халықаралық далалық семинар өтті. Семинарға Түркия, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан ауыл шаруашлық өнімімен шұғылданатын компания басшылары мен менеджерлері, сондай-ақ, елімізге белгілі ғалымдар, облыстық ауыл шаруашлығы басқармасының қызмеркерлері қатысты.Семинарда аудан әкімі Ерлан Айтаханов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Ықылым замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды», — деп бүгінгі қазақ даласы туралы Ұлт Көшбасшысының толқынысын жеткізді. Экологиялық апаттың алдын-алу, топырақтың құнарлылығын арттыру, шаруалардың еңбек өнімдерін еселеу мақсатында қолға алынған жобаларды тарқата айтқан аудан басшысы ауданымыздағы жүгері кластерін дамыту және суармалы жерлердің тұздануы және су тапшылығын шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да кеңінен тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарда карантинді зиянкес өсімдіктерга қарсы күрес жүргізілуде
Отырары ауданы аумағындағы пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында атқарылған жұмыстарға аудандық жер қатынастары және ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық жан-жақты тоқталды. Бөлім басшысының айтуынша ауданымызда өз мақсатына пайдаланылмай бос жатқан жерлерді […]
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ — БОЛАШАҚҚА СЕНІМДІ ҚАДАМ
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамалары халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдауға бағытталған. Ұлт Көшбасшысының биылғы қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатынның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орны бөлек. Нақтырақ айтқанда, Жолдауда адам […]
Отырардағы 4 ауылдық округте әкім сайлауы өтеді
Ел басқаруда адамзат баласының ойлап тапқаны және бүгінге дейін қолданып келе жатқан жүйесі – демократиялық жүйе. Сайлау – осы демократиялық жүйенің жарқын бір көрінісі. Елімізде ауыл әкімдерін сайлау төрт жыл бұрын қолға алынған болатын. Биыл […]
Пікір қалдыру