Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген іс-шараны қала және өңіріміздің тұрғындары тамашалады. Айта кету керек, мерекелік әр шеру әр тақырыпқа арналды.Бұдан кейінгі іс-шара атшабарда өтті. Мұнда аламан бәйгесі ұйымдастырылды. Облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің мұрындық болуымен өткен бәйгеге осы мектептің өңіріміздің аудан-қалаларынан келген жас шәкірттері қатысты. 16 шақырымға созылған бәйге жеңімпаздарын облыс әкімі Жансейін Түймебаев марапаттап, жүлделерін табыс етті. Айта кетейік, аламан бәйгенің жеңімпазы атанған шабандоз Смайл Жеңіске бас жүлдеге тігілген «Нива» автокөлігі тарту етілсе, екінші орын алған Жасұлан Тұрғанбаевқа – 450 мың теңге, ал үшінші орын иегері Алик Нұрмаханбетовқа 300 мың теңге ақшалай жүлденің сертификаты табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкент 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы атанбақ
Шырайлы Шымкент қаласы 2020 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы атанатын болады. Биыл миллионды қалаға айналуды көздеп отырған шымқалаға мұндай дәреже беру туралы шешім Өзбекстан астанасы Ташкентте ТМД елдерінің сыртқы істер министрлер кеңесінің кезекті […]
ОҚО-да «Мәңгі желбіре көк туым шарасы» атты мерекелік шеруі өтті (видео)
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Мәңгі желбіре көк туым» атты мерекелік іс-шарасы өтті. 4 маусым-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдыстырылған шараға мыңнан астам адам қатысты.Мерекелік іс-шарада «25 жыл, 25 көше» мерекелік […]
Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 675 отбасы баспаналы болды. Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.Қоныс иелерін […]
Пікір қалдыру