Мақтаарал аудандық соты төрағасының прокурор мен полиция жұмысына көңілі толмайды

Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Құнанбай Мұсаев аудандық прокуратура, көші-қон полициясы мен кәсіпкерлер арасында жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, жұмыстарын әлі де болса пысықтай түсу керектігін ескертті, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі ERNUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мақтаарал аудандық сотының судьясы Арман Шындалиевтің төрағалығымен шет ел азаматтары арасында Қазақстанға келіп-кету талаптарын сақтауы мен көші-қон ережелерінің заңдылығын қадағалау, олардың медициналық тексерістерден өтуін жұмыс беруші тарапынан қадағалауды күшейту мақсатында өткен дөңгелек үстелге шекарашылар мен құқық қорғау органдары, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен денсаулық сақтау саласының басшылары, жеке кәсіпкерлер қатысты. Аудандық соттың судьясы басқосу барысында шет елдік азаматтардың Қазақстан аумағында болу, туристік мақсатта келіп-кету және жұмыс істеп, табыс табушылардың сақтауы тиіс ережелер мен заңдылықтарды түсіндіріп, пікір алмасты. Аталмыш салада жіберіліп жатқан бірқатар кемшіліктерге тоқталды.

«Біз егемендік алғалы 28 жыл болды. Сол жылдардың ішінде өз елімізде де құрылыс, аспаздық және қолөнер салаларында мықты мамандар өсіп жетілді. Неге сіздер сол өз азаматтарымызды емес, шет ел азаматтарына жүгінесіздер? Оларды елге әкелуде, жұмыс беруде заң нормативтерін сақтап отырған кәсіпкерлер өте аз. Заң бұзушылыққа жол беріп, тиісті ережелерді сақтамаған кез-келген азаматтың заң алдында жауап беретінін естен шығармаңыздар», — деді Арман Шындалиев.

Ал, «Атакент» аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Аязбек Егембердиев шет ел азаматтарының тиісті медициналық тексерістерден өтпей қоғамдық тамақтану орындарында аспаз, даяшы болып істеуі өте қауіпті екенін айтады. Өйткені, ауданда тіркелген туберкулез бен ВИЧ індеттерін жұқтырушылардың басым бөлігі өзбекстандық немесе Өзбекстанда болып келген азаматтар дейді. Айта кетейік, өткен жылы ауданға келген 13 300 шет ел азаматтарының 60-ы заңсыз келгені үшін күштеп елден шығарылса, 40 шет елдікке әкімшілік шара көрілген. Биылғы жыл басынан бері Мақтаарал ауданына 605 шет елдік азамат келсе, оның 11-і өз елдеріне қайтарылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*