МАҚТААРАЛДА РЕФЕНДУМ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшығының күшейіп бара жатқанын  ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға мән беру  керектігіне тоқталып өткен болатын.  Осыған байланысты еліміздің әр өңірінде арнайы штаб құрылып, түсіндіру жұмысары жүргізіліп жатыр.

Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент кентінде түсіндіру жұмыстары жалғасты.  Мырзакент спорт кешенінде 6-қазан күні өтетін Референдумға байланысты құрылған Мақтаарал ауданының жұмысшы тобы Мақтаарал аудандық № 1, №2 спорт мектебі және Мырзакент спорт клубының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Атап өту керек, ауылдық елді мекендер ел экономикасының драйвері саналады. Бүгінде Мақтаралда өндіріс орындары ашылып, кәсіпкерлік кең етек жаюда.

Алайда, қандай да бір өндіріс көзін ашу үшін инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу қажет. Соның бірі – электр қуаты.

Мамандардың айтуынша электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайызға артуда. Ал өзімізге мәлім электр қуатын өндіруде көмірдің рөлі басымырақ. Бүгінде электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі. Демек, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының да өлесі артуда. Улы заттардың қосындысы қоршаған ортаға да кері әсерін тигізуде.

Сондықтан, дамыған елдер жасыл энергия саналатын атом станциясының жұмысын жандандыруда. Атом энергетикасы қоршаған ортаға қолайлы, ел экономикасына тигізетін септігі мол сала. Соның негізінде Мемлекет басшысы халыққа жолдауында жалпыхалықтық референдум арқылы маңызды таңдау жасау қажеттілігін атап өткен болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*