НАГАТА ЕСЕБІН ШЕШКЕН ТҮРКІСТАНДЫҚ МАТЕМАТИК ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨЗ МЕКТЕБІН АШАДЫ

Әйгілі Нагата есебін шешкен  белгілі математик Уалбай Өмірбаев Түркістан қаласында өз мектебін ашады, КҮНГЕЙ.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуде мәлім болды. Басқосуда өңір басшысы ҚР Мемлекеттік және Америка математика қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлықтарының иегері Уалбай Үтмаханбетұлына отандық ғалым ретінде әлемдік ғылымға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Экономика, өндіріс салалары математика ғылымымен тығыз байланыста дамиды. Ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының арқасында өнім артады. Нагата, Кон сынды әйгілі математиктердің есебін шешкен өзіңіздей әлемге танымал ғалымдардың елден шығып, әлемге күллі Қазақстанды танытып жатқандығы бізді қуантады. Енді туған жерге ту тігіп, Түркістан облысында, оның ішінде Түркістан қаласында өз мектебіңізді қалыптастырып, ауылдан шыққан талантты балаларымызды қолдауымыз қажет», — деді Өмірзақ Естайұлы.

Өз кезегінде сөз алған Уалбай Үтмаханбетұлы ұсынысқа қолдау білдіріп, алдағы уақытта өңір оқушыларына ұдайы интерактивті жүйемен математика сабағын жүргізетінін айтты. Сондай-ақ, ғалым Түркістан қаласынан арнайы жоғары математикалық мектеп ашуға ниетті екендігін жеткізді.

Уалбай Өмірбаев – ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 1977-1982 жылдары Новосібір мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған. Әлемдегі озық жоғары оқу орындарында дәріс оқып келеді. 1972 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан жапон ғаламы М.Нагатаның есебін 2001 жылы, ағылшын математигі П.Конның есебін 2004 жылы шешті. Бүгінде АҚШ-та Детройт штатының Уейн унивеситетінде дәріс береді.

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*