Түркістан облысы Сайрам ауданында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Мерекелік шаралар аудан орталығындағы саябақта ұйымдастырылып, аудандағы өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Бас алаңға тігілген киіз үйлерде жұртшылық ауданда мекен ететін әр ұлттың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Өз кезегінде аудан әкімі Бақтияр Мамаев барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Орталық саябақта Наурыз мейрамы жылдағы дәстүрге сай жоғары деңгейде өтті. Бірлігі мен тірлігі жарасқан аудан тұрғындары шуақты мерекеге орай ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдірді. Мәселен, Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің актерлері жыл басы туралы қойылым сахналаса, әншілер мен бишілердің, жастардың өнері жиналғандардың көңілін көтерді. Салтанатты шараға ауданның құрметті азаматы, ішкі істер саласының ардагері Молдияр Оразалиев және басқа да еңбегі сіңген азаматтар қатысып, жерлестерін мерейлі мерекемен құттықтады.
Пікір қалдыру