Суреттерді түсірген Асхат Әссанди
Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Шымкент қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру институтында осылайша сән-салтанатпен аталып өтті. Жалпы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне Болатбек Әбдірәсілов Президент болып тағайындалғалы бері, оқу орнының тіршілігіне қан жүгіре бастағанын қуанышпен қабылдадық. Салтанатты мерекеге Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-і Президентінің кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы, ҚР ұлттық ғылым академиясының академигі Тұрлыбек Искаков, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, №4 қалалық емхананың бас дәрігері, профессор Рамазан Бектұрғанов, Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясының ректоры, профессор Мырзабек Рысбеков, №2 қалалық аурухана бас дәрігері Сәрсен Пернебеков, Шымкент қалалық Стоматология тіс емханасының бас дәрігері Ерғали Орманов, ардагер дәрігерлер, оқытушы-профессорлар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
Сахнаға шығып өнер көрсеткен өнерпаздар көпшілікті мерекелiк концертiмен баурап алды. Ұлттық дәстүрді дәріптейтін театрландырылған қойылымдар да сомдалып, мерекенің көркін одан сайын аша түсті. Меймандар Наурыз көжеден дәм татып, жайылған мол дастарханға тамсанып жатты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, ақ жаулықты әжелер шашу шашты.
Пікір қалдыру