ҚР Премьер-министрі А.Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасы және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес, туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітілген болатын.
Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңа – туристік полиция бөлімі құрылды. Оны құрудағы мақсат – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін арттыру, өңірге келген шетел азаматтарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету.
Сонымен қатар, Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген мамандар. Сондай-ақ, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамыз етуде қызмет жасауға дайын.
Пікір қалдыру