Журналис Ерсұлтан Әмірбек: Мұрат Базақұлов саясатта адасып «жын ұрған бақсыдай» жүрген секілді

Журналис, қоғам белсендісі Ерсұлтан Әмірбек өзінің фэйсбук парақшасында «ШЫМКЕНТТІҢ МӘДЕНИЕТІ» ТҮГЕЛІМЕН ТҮРКІСТАНҒА КӨШІП КЕТТІ МЕ» деген тақырыпта пост жариялады — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

«Расы керек оңтүстіктің мәдениет саласында «сен тұр, мен атайын» деген біраз мықты маман Түркістандық боп кетті. Десек те, Шымкентте де мықты мамандар «аз-маз» қалды. Өкініштісі, Шымкенттің мәдениет саласында «өлі тыныштық» сезіледі… Түркістан Шымкенттен мәдениет адамдарын ғана емес «мәдениеттің аурасын» алып кеткендей әсер байқалады. Шымкенттің мәдениетіне шынайы жаны ашитын Мұрат Базарқұлов секілді маманды қалаға «дінбасы мен жынбасы» етіп қойғаннан гөрі, Шымкенттің мәдениетіне басшы етсе басқаша болар ма еді деген ой келеді.. Әйтпесе, «мәдениеттің «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген Базарқұлов соңғы күндері саласынан адасып, саясат жақта «жын ұрған бақсыдай» боп жүрген секілді.. «Шымшық сойсада, қасап сойсын» деуші ме еді Ғабидолла Әбдіраxымов мырза? «Жым әкім емес, «зың әкім» атағына лайық болып, Шымкенттің мәдениет саласына оң көзқарас танытсаңыз екен! Өзім сыйлайтын Шымкенттің мәдениет пен өнер саласындағы адамдардың «өгейсігенін» қаламаймын»,- деп жазады.

Әріптес ағамыздың бұл жазбасынан Шымкент қаласының мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарға жұмсағырақ айтқанда, көңілі толмайтыны аңғару қиын емес. Бүған дейін шаһардың мәдениет бөлімін Мұрат Базарқұлов басқарған болатын. Қазір ол Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы қызметін атқарады. Алайда, журналис Базақұловтың бүгінгі ішкі саясаттағы жұмысына қарны ашатынын осы ойымен айтқысы келіп отырған сыңайлы.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*