БАЙҚАУ: Шәкірті озған ұстаз 2 миллион теңге алады

Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Qazaq Epos» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 6-10 сынып оқушылары арасында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауы өтеді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқы аудандық кезең 28-31 қазан аралығында ұйымдастырылмақ. Екінші қалалық кезең 6 қарашад өтеді деп жоспарланып отыр. Бірінші кезеңнің жүлде қоры 300 мың теңгені құрайды. Ал, екінші кезеңде үздік үштікке ілінетін оқушыдар мен олардың ұстаздарын қомақты сыйақылар күтіп тұр.

Мәселен, қалалық кезеңде 1-орын алған үміткерге 1 миллион берілсе, оны байқауға дайындаған ұстазы 2 миллион теңге сыйақы алады екен. Екінші орынды иемденген оқушы 600 мың теңге алса, оның мұғаліміне 1млн.200 мың теңге берілмек. Үздік үштікті қортындылайтын шәкірт 300 мың теңгені қанағат тұтса, жетекшісіне 600 мың теңге табыс етіледі екен.

Бұл байқауда оқушылар 132 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді»- дейді «Qazaq Epos» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша ұйыдастыру комитетінің жетекшісі Нұрлан Кенжебай.

«Бұл байқаудың негізгі мақсаты, өскелең ұрпақтың халық поэзиясын, қазақ халқының руһының асыл мұрасы деп, сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу. Ерлік пен елдіктің руһын көтеру. Намысшылдық, қайсарлық қасиеттеріне баулуға бағытталған. Қазақ әдебиеті мен тарихы арқылы көптеген көне сөздерді жаңғыртып, сол сөздерді қайтадан қолданысқа енгізу, тарихты, салт-дәстүрімізді тану болып табылады. Сол себептті, бұл жоба өз қолдаушыларын кеңінен тауып отыр»- дейді Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева.

Айта кету керек, күні бүгінге дейін Шымкент қаласынан 1094 оқушы, 610 мұғалім байқауға қатысуға ниет білдірген. Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қойылған міндеттерді іске асыру үшін жүзеге асуда.

 

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*