Сондай-ақ, облыс аумағында жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 16 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 184 қабылдау бекеттері жұмыс істеуде.
«Шаруаларды қолдауға орай, өнімдерге субсидия төленетін болады. Бұл бағытқа 1,9 млрд.теңге қаржы қаралған. Мәселен, мақта өніміне субсидия алу үшін мақта өңдеу зауытына қайта өңдеуге тапсырылған шитті мақтаның 1 тоннасына 12 мың теңге төленсе, қайта өңдеуге тапсырылған немесе сәйкестік сертификаты бар өңдеуге өткізілген күріштің 1 тоннасына 4 мың теңге субсидия беріледі», — деді Нұрбек Бақтыбайұлы.
Айта кетерлігі, шаруалар субсидия алу үшін өзінде қайта өңдеу кәсіпорнымен жасалған ауыл шаруашылығы өнімін тапсыру туралы шарттардың, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорны мен ауылшартауарөндіруші немесе ауылшаркооперативі арасында ауыл шаруашылығы өнімін беруді растайтын құжаттардың және қайта өңдеу кәсіпорны шеккен шығындарды растайтын төлем құжаттары болуы қажет.
Пікір қалдыру