«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы бойынша филиалында «Кеңседен шықпай-ақ, донор болу» қайырымдылық акциясы өтті. Филиал кеңсесіне Қан қызметінің көшпелі бригадасы келіп, корпорация қызметкерлері жұмыс процесіне алаңдап, кедергі келтірмей қан тапсырды. Игі іске ұжымдағы басшыдан бастап, фронт-офис қызметкерлері, жас жігіттер мен талдырмаш қыздар, жаңадан келген мамандар мен тәжірибелі донорлар да қатысып, ұзын саны 30 қызметкер донор болса, олардан 15 литрге жуық қан алынды.
Дәрігерлердің айтуынша, бүгін жиналған қан бұл деңгейдегі акция үшін айтарлықтай нәтиже. Енді осы жұмыстардың арқасында қажет қан халі ауыр науқастар мен онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталатын болады.
«Жұмысымыздың қатаң тәртібіне қарамастан, донорлық акцияны кеңсемізде ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын. Алғаш рет қан тапсырып отырғаным жоқ. Мұны науқасқа көмек көрсету тұрғысынан да, донордың өзі үшін де өте маңызды іс деп санаймын. Қан тапсырғысы келетін әріптестеріміз көп, мені бұл таң қалдырмайды. Өйткені, біздің ортақ құндылықтарымыз бар. Ал өзгелерге көмек көрсетіп, қол ұшын созу тек қана біріктіреді. Бізосындайакцияларды өткізуді міндетті түрде жалғастырамыз. Себебі, тек қан беру ғана емес, үнемі қан тапсырыпотыру да маңызды», — деді филиал директоры Данабек Исабеков.
Біз барлық акция қатысушылары — донорларға, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз және барлығына зор денсаулық пен жақсы көңіл-күй тілейміз!
Пікір қалдыру