Шымкент қаласында жалпы қалалық сенбілік өтті

Көктем қарсаңында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 29 ақпан күні алғашқы жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, ЖОО-ның студенттері және еріктілер қатысты.

Абай ауданы – 12 700 адам (1000 ағаш);

Әл-Фараби аудаын – 11 200 адам (1000 ағаш);

Еңбекші ауданы – 9300 адам (1000 ағаш);

Қаратау ауданы – 9740 адам (1000 ағаш).

Сенбілік барысында Назарбаев даңғылы мен Арғынбеков, Жангелдин көшелеріне, №1 автожолдың оң және сол жақ беттеріне 1 мың данадан, сондай-ақ, Қошқар ата өзені мен Дендросаябаққа 500 данадан, жалпы саны 5 500 дана ағаш көшеті отырғызылды. Тазалық шарасына қатысушылар жол бойындағы жасыл аймақтарды, саябақтар мен демалыс орындарын, арық-атыздар, ирригациялық жүйелер мен жүргінші жолдың жиектерін толығымен тазалап, ағаш түптерін әктеді. Ал тазалаудан шыққан қоқыстар арнайы техникалармен қала сыртына шығарылды.

Айта кетейік, Шымкенттің 50 мыңнан аса тұрғыны қатысқан сенбілікке 40 дана техника жұмылдырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*