Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға байланысты жедел әрекет ету штабының отырысын өткізді.

Әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайына байланысты Мемлекет басшысы жедел кеңес өткізіп, нақты тапсырмалар бергенін айтқан қала басшысы күні кеше Шымкенттегі сауда орталығына барып, тауарлардың бағасын қадағалады. Одан бөлек, әкім азық-түлік қоймаларына барып, жағдайдың тұрақты болуын қамтамасыз етуді қатаң талап етті. Ең бастысы азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен жанар-жағар май бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажеттігін айтты.

«Бұл мәселе бойынша тұрғындардың алаңдауларына еш негіз жоқ. Азық-түліктер қоймаларда жеткілікті. Десек те, біз тиісті жұмыстарды атқарып, ешқандай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек»- деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Әкім сала жетекшілеріне тауарлар мен қызметтер, тарифтер мен коммуналдық қызметтер бағасын бақылап, еңбек нарығында тұрақтылықты сақтау және жағдайды мониторингілеп отыруды жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*