ШЫМКЕНТ: 265 895 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 26 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен, деп хабарлайды Күнгей.кз ақпарт агенттігі.

Оның ішінде 265 895 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 262 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталған. Сәйкесінше, өтінімдері  кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 265 895 азаматтың ішінде 253 113 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін 261 313 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кетейік, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған. Яғни, бір адамның атынан тапсырылған өтінімге жауап алмастан, екінші рет тапсырып үлгерген.   Өтініш келіп түскендердің арасында  жұмыс істейтін азаматтар мен  зейнеткер болған. Тіпті, қайтыс болған азаматтардың атынан да өтініш келіп түскенін айтады мамандар. Бұл жағдайды жіті тексеріп, заңсыз әрекеттердің алдын алып жатыр.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*