Түркістан облысы Төлеби ауданында ауыл тұрғындары өз күштерімен блок-бекеттер қойып жатыр. Сөйтіп елдімекендердегі қауіпсіздік шараларын төлебиліктер бірлесе қолға алуда. Жергілікті билікпен келісе қолға алған бұл бастаманың басты мақсаты-ел саулығы, тұрғындардың амандығы. Осылайша Төлеби ауданының тұрғындары коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмауды белсене қолға алды.
Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда. Сондай-ақ, әрбір азаматқа себепсіз үйден шықпауды кеңес етеді. Барлық жерде жеке бас тазалығын ұстанып, карантин режимін бұзбауға шақыруда.
Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті халық түсіністікпен қарап, оң көзқарақас танытып отыр. Шараға ауыл белсенділері өз еркімен жұмыла кіріссе, елдің ертеңі болған ерікті жастар бар жігерімен атсалысып жатыр.
Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елдімекендері эстафета түрінде жалғастырып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікір қалдыру