Шымкенттегі блок-бекеттерде бақылау қатаң

Шымкент қаласында блок-бекеттер бақылау күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Төтенше жағдай режимі кезінде талап пен тәртіпке бағынбағандар жауапкершілікке тартылып та жатыр.

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған.

Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген 27 824 (35 763 азамат), транзит 2 798 (4 596 азамат) тексеріліп өткізілген, рұқсаты жоқ 38 996 автокөлік өткізілмей, қайтарылған.

 

Төтенше жағдай кезеңінде, қойылған шектеулерді бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 965 тұлғаға Әкімшілік кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылып, жинақтау іс-құжаттары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Оның ішінде 459 жайт бойынша соттың шешімімен 88 тұлға әкімшілік қамауға алынған, 139 тұлғаға айыппұл салынды және 232 тұлғаға ескерту берілді.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*