Түркістан: Қоғалы ауылының азаматтары суға бөгет қоюға атсалысып жүр

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы Қоғалы елдімекенінің тұрғындары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне белсеніп көмектесіп жүр. Аталған ауылда 186 үй орналасқан. Мұнда 1400 тұрғын бар. Көршілес Мақтаарал ауданындағы су басып қалған ауылдар жайындағы хабарлардан кейін Қоғалының көп тұрғыны Жетісай қаласында тұратын туған-туыстарының үйіне кеп жайғасқан. Дені әйелдер мен балалар. Өйткені ел арасында Қоғалыны су басуы мүмкін деген хабар тарап кеткен болатын. Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі төмендегідей мәлімдеді.

«Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Қоғалы ауылын тасқын су басты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Алайда ондағы 186 үйде тұратын 1400 тұрғынның басым көпшілігі яғни әйелдер қауымы балашағаларын алып, бүгінде өз еріктерімен Жетісай қаласындағы туған-туыстарының үйлеріне орналасқан.
Десек те, аудан әкімдігі қауіпсіз аймаққа көшемін деушілерге арнап үш мектепті әзірлеп, ауылға 50 орындық автобус та қойып қойған. Бірақ ауылдың ер кісілері көшуден өз еріктерімен бас тартып, елдімекен іргесіндегі дамбы көтеру жұмыстарына атсалсысуды жөн көріпті.
Жетісай ауданының Өзбекстан Республикасымен шекаралас орналасқан Қоғалы ауылындағы жағдайдың бұған дейін бақылауда болғанын ескертеміз. Аталған елдімекенде аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су тасқынын алдын алу шараларын жүргізіп, дамбы тұрғызу, құм толы қапшық қалау жұмыстарын атқаруда.»

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*