Шымкент Мақтааралға тағы да арнайы техника мен қосымша күш жіберді

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданына апатты-құтқару жұмыстары үшін арнайы техника мен қосымша күш жіберді. Бүгін,  яғни 05.05.2020 ж. күні сағат 06:00-де Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 21 қызметкер техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Мақтааралға қарай жолға шықты.

«Көмекке жіберілген техникаларға тоқталсақ, 4 дана техника (АСО 20 – 1 дана, АЦ – 2 дана, УАЗ – 1 дана) және 6 дана мотопомпа (МП-100) көлемінде қосалқы күштер мен құралдар бағытталды. Жалпы 2020 жылдың 2-5 мамыр аралығында Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекендердегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге жеке құрамнан адам, 8 дана техника, 1 дана квадрокоптер және 4 дана жүзу құралдары (1 моторлы және 3 үрлемді қайық) мен құрамында 2 эшалон жолданды,»-деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, кеше, 4- мамыр күні Шымкент қаласынан Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару қызметі үшін 30 арнайы техника жіберілген болатын.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*