Шымкент қаласы ТЖ департаменті едел-құтқару жасағының 12 құтқарушысы және 2 техникасы Мақтаарал ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Құтқару бөлімшесінің басшысы Е. Оспановтың басшылығымен құтқарушылар 4 мамырда жергілікті халыққа көмек көрсету үшін Жеңіс елді мекенде таңнан кешке дейін тұрғындарды және олардың мүліктерін қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша, Жеңіс кентінен Қаражантақ кентіне 70 адам мүлігімен эвакуацияланды. Жеңіс және Қаражантақ кенттерінің арақашықтығы моторлы қайықта шамамен 3 шақырымды құрайды.
Шымкент қаласы ТЖД Мақтаарал ауданына көмек көрсету үшін жеке құрамнан 21 адам, 4 бірлік техника және 6 мотопомпа жіберген.
Кешкісін Жеңіс ауылында екі адам қалып, елді мекеннен өз бетімен шыға алмайтыны, көмек сұрағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жеңіс және Қаражантақ кенттерінің арақашықтығы моторлы қайықта шамамен 3 шақырымды құрайды. Құтқарушылар командасы екпінді желдің төмендеуін күтуде,одан кейін Жеңіс кентіне 2 тұрғынды эвакуациялау үшін шығады. Бөлімше басшысы Е. Оспанов 2 тұрғын биіктікте, қауіпсіз жерде тұратынын, түнеуге арналған сенімді құрылыс бар екенін, үнемі телефон байланысы екенін хабарлады. Сөйтіп Жеңіс ауылында қап қойған екі адамды құтқарушылар бүгін сағат 11-лер шамасында ап шыққан.
Пікір қалдыру