Шымкентте 200 балаға планшет берілді

Шымкентте 200 балаға планшет таратылды. Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді.

Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу күн тәртібіндегі басты жұмыстардың біріне айналған. Бейнебайланыста білім саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жайы талқыланады.

Қазіргі кезде басты талап — Төтенше жағдайға қарамастан оқушыларға сапалы білім беру. Осы бағытта #Кусто Хелп қайырымдылық акциясы аясында 200 отбасына планшет таратылды. «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан шифер зауыты халықаралық компаниямен бірлесіп, жақсы істің бастамашысы болды. Ұйымдастырушылар төтенше жағдайдың салдарынан қашықтан білім алып жатқан оқушыларға смартфонның көмегі ауадай қажет екенін ұғып, осындай ұйғарым жасаған. Әлеуеті әлжуаз жанұяның балаларына жасылынған көмек қорына 8,5 миллион теңге жиналыпты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*