Шымкентте 4-мамырдан бастап жеке кабиналары бар моншалар жұмысын бастайды

Шымкент қаласында 4-мамырдан бастап жеке кабиналары бар моншалар мен стамоталогиялық,  медициналық клиникалар жұмыс істейтін болады. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. Бастысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақталатын болады.

Қала әкімінің орынбасары екінші кезеңде, яғни 4 мамырдан бастап іске қосылатын нысандарды да атап өтті.

Оның айтуынша, ақпараттық-коммуникациялық компаниялар, сондай-ақ 500 шаршы метрден аспайтын, барлық бағыттағы дүкендер, фотосалондар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар жарнама агенттіктері жұмысын бастамақ. Сондай-ақ көшелердегі спорт алаңдары, жеке кабиналары бар моншалар, тек алдын ала жазылу бойынша үй жануарлары мен гүл сататын дүкендер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, кәсіпкерлер осы нысанға сәйкес өтініш беріп, әкімдіктің электрондық поштасына жіберуі арқылы жұмысын жалғастыра алады.

Сондай-ақ брифингте Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Алмат Қосалиев сөз алып, қала тұрғындарын сақтық шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды.

— Қазіргі таңда қаламызда коронавирус инфекциясымен 200-ге жуық жағдай тіркеліп отыр. Сондықтан әрбір жұмысын жалғасырушы кәсіпкерлер бекітілген қаулыға сәйкес, санитарлық талаптарды қатаң түрде сақтауы міндетті. Тәртіп бұзған кәсіпкерлеге әкімшілік жаза қолданылатын болады, — деді А. Қосалиев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*