Түркістан: Эвакуациялық орындардағы мақтааралдықтар елге алғыс айтты


Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан бұған дейін қауіпсіз аймаққа 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Дәл қазіргі уақытта 24 эвакуация орындарынан су басу қаупі сейілген Мырзакент, Ақжол ауылдарының 17 мыңнан астам тұрғыны үйлеріне кері қайтарыла бастады.
Ал эвакуация орындарындағы 3500-ге жуық тұрғынның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Адамдардың барлығы дерлік медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын мен көрпе-төсекпен тегіс қамтылған.
Сондай-ақ, тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Ал, өзге де қажетті заттар мен азық-түлік түрлері әрбір эвакуация орындарына төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймадан тізім арқылы үлестірілуде.
Эвакуация орындары боп бекітілген мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып жатқан мемлекет басшылығына, үкіметке, облыс, аудан басшылықтарына және барлық қазақстандықтарға шынайы алғыстарын жаудыруда. Олар тасқын судың тез беті қайтып, су астында қалған үй-жай мен мал-мүліктері және егістік алқаптарының шығындары өтелетіндігін де естіп қуануда. Мұндай қиындықта ешкімнің назардан тыс қалмайтынына бек сенімді.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*