Шымкентте 274 976 азаматқа әлеуметтік төлем төленді

Шымкент қаласында әлеуметтік төлемді алу үшін өтінім берген азаматтардың 274 976-сына өтініші қанағаттандырылды. Төтенше жағдай режимі кезеңінде ел билігі әрбір азаматты қамқорлықсыз қалдырып жатқан жоқ.

2020 жылғы 6 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, яғни сайттардан 534 883 адамнан өтініш түскен.

Оның ішінде 278 558 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 249 596 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы туралы анықталып, арнайы хабарланып кері қайтарылған.

Жалпы әлеуметтік төлем алатын 278 558 азаматтың ішінде 265 776 өтініштер бойынша, ал, 12 782-сіне проактивті (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған азаматтар) түрде тағайындалды. Бүгінге дейін өтінім бергендер арасынан 274 976 азаматқа 42500 теңгеден әлеуметтік көмек карталарына аударылған.

Айта кету керек, кері қайтарылып, көмек тағайындалмаған өтініштер – бірнеше рет қайталанған өтінімдер, жұмыс істейтін азаматтардан түскен өтініштер, зейнеткерлерден келген өтінімдер, қайтыс болған азаматтар атынан жазылған өтініштер.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*