Шымкентте тағы 11 адам короновирус инфекциясынан айықты

Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан емделіп жатқан 11 науқас сырқатынан айығып шықты. Аты жаман дерттен құлан таза сауыққандардың 11- де бүгін Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылды. Адамзат баласына қауіп төндірген індеттің тырнағына ілігіп емдеу мекемесінде қажетті ем-дом шараларын үздіксіз қабылдап ауруды бүгін жеңгендердің жас деңгейі  43-22 жас аралығында. Нақтырақ айтқанда, қауіпті індетті жеңіп шыққандар 1998, 1975, 1978, 1990, 1977, 1990, 1976, 1981, жылы туған қала тұрғындары.

Короновирус инфекциясынан айыққандардың жетеуі ер азамат болса, төртеуі әйел адамдар. Ақ халаттылар науқастардың вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алғанын айтып отыр.

Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынған. Талдаулар сараптамасы теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 6 мамыр күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы Шымкент қалалық  жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 72 науқас дертінен айығып шықты. Бұл ретте ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегі мен біліктілігіне ел ризашылығын да айта кету керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*