Шымкент қаласы «DARYN ONLINE» «BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда тағы да бірінші орынға көтерілді. Бүгінгі таңда мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында байқап, түбегейлі меңгеріп алды . Оның айғағы 6-сәуірден басталған қашықтықтан оқыту мен білім беруде ұстаздар мен оқушылардың шоқтығы биік болып тұр. Наурыз айындағы көктемгі демалыста мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысып, әдістемелік қоржынын толықтырып алды. Тынымсыз еңбек тауға да шығарады. Бүгінде үшінші Мегаполис «DARYN ONLINE» « BILIMLAND KZ» интернет платформаларын пайдалануда басымдық танытып. өзге өңірлерден тағы да басып озды. Мұны ұстаздардың ұтымды жұмыстары мен оқушыларымыздың ынтасы деп айтуға әбден негіз бар. Ата-аналар қашықтықтан оқыту мәселесіне аса түсіністіпен қарап, бүгінгі таңда үйреніп кетті. Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет –платформалардың жоқтығы әуреге салғаны шындық. Алайда, бұл сауалдарға қатысты мәселелер қарастырылып, шешу жолдарыда анықталды. Дер кезінде демеушілер тарапынан планшеттер үлестіріліп, таратылды. Жалпы қашықтықтан оқыту аясында оқушыларымыз интернет желісін пайдалануда барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Соның нәтижесінде Шымкент қаласы төртінші тоқсанның бесінші аптасында да қашықтықтан білім алуда бірінші орынды бермей келеді. Жарайсыздар!
Пікір қалдыру