Шымкентте өнерпаздар аула аралап мерекелік концерт өткізді

Шымкент қаласының өнерпаздары Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап тосынсый ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап майдангер қарттарға арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бастамасы. Өнерпаздар мінген 10 арнайы автокөлік соғыс жылдарын еске салардай етіп безендірілген. Шымшахардағы 40-тан астам аулада әскери әндер шырқалып, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 минуттық шағын мерекелік қойылым ұсынды,»- деп хабарлайды Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының өкілдері.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылған концертті майдангерлер көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен қарап тамашалап тұрды. Тосынсыйға риза болған ардагерлер шымкенттік өнерпаздарға ақ батасын жаудырды.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысушы 40 майдангер және 4 237 тыл еңбеккері тұрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*