Шымкент қаласында 315 өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары бар. Енді осы жұмыс істеп жатқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары 2 ГИС-те. Бұл тұрғындар үшін қолайлы және тиімді болмақ.
Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қаматамасыз ету — Мемлекет басшысы қойған аса маңызды стратегиялық міндет.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында 315-ке жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеуде. Бұл қызмет бұрыштары – мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылып, көп сұранысқа ие анықтамаларды алу кезінде ұзақ кезектілікті ХҚКО-на бармай болдырмау мақсатында қызмет етеді.
Осы орайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2 ГИС компаниясымен бірлесіп, қоғам арасында үлкен танымалдыққа ие сервистік 2ГИС мобилдік картасына қаланың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын орналастыру жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде, бұл атқарылған жұмыстың нәтижесі қала тұрғынарындарына зор көмегін тигізбек. Шымкенттіктердің уақытты тиімді пайдалануына да мен болмақ.
Пікір қалдыру