Шымкент: Әуежайға апаратын құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалына баратын жол құрылысымен танысты.
Жалпы ұзындығы 2,287 шақырымды құрайтын жол құрылысының бүгінде жер жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, суағар каналмен қиылысқан жерінде су өткізгіш имаратының құрылысы мен темір-бетонды құбырдың құрылыс-монтаж жұмыстары және жолмен қиылысатын газ, су құбырының кабельдерін қорғау, жер астына ауыстыру жұмыстары атқарылуда.
Жолдың сапасына баса мән беруді айтқан қала басшысы жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертті. Сонымен қатар, әкім жолдың көлік өтетін бөлігін қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды.
Өздеріңіз білетіндей, Шымкентте халықаралық әуежай аумағында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы жүргізілуде. Ондағы жол құрылысы және инженерлік желілерді қайта құру, әуежай алдындағы автотұрақты және вокзал алды алаңының құрылысы мен абаттандыру жұмыстары қоса жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың соңына қарай аяқтау көзделіп отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*