Шымкентте абаттандыру жұмыстары қарқынды

Еліміздің үшінші мегаполисі, Шымкент қаласында абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

«Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. Нысан аумағында газон алаңы толықтай жаңартылып, веложол мен жарық шамдар және орындықтар орнатылу қаралған. Қосымша қылқан жапырақты ағаш көшеттері мен декоративті гүлдер отырғызылатын болады,» – дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Сондай-ақ, Д.Қонаев даңғылы мен Түркістан көшесі қиылысындағы гүлзарды абаттандыру жұмыстары басталған. Әл-фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, бұл нысандар Шымкент қаласының өзіндік келбетін айшықтап, қала тұрғындары үшін демалатын аймаққа айналатын болады.

Айта кетейік, әл-Фараби ауданы аумағында 13 саябақ пен 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Шымшахардың шырайын арттырып, көркін көркейтуге бағытталған жұмыстардың ауқымы кең. Сондықтан да гүлзарлар мен субұрқақтардың, ескерткіштердің де күтімі ескеріледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*