Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2024 – 2026 жылдарға арналған қала бюджетін нақтылау, абаттандыру мәселелері қаралды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараев бірінші мәселе бойынша баяндама жасады.
Қала бюджетін нақтылау барысында бюджет көлемін 30 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылды. Бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешетін шығындарға басымдық берілді. Жалпы нақтылау нәтижесінде, мегаполис бюджетінің көлемі қазіргі 735 млрд теңгеден 764 млрд теңгеге дейін артатын болады.
Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ә. Оңғар қала аумағын абаттандыру бойынша экологиялық қолайлы және тартымды орта құру бағытындағы жұмыстардың қағидасын бекітуді ұсынды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, маңызды шешімдер қабылданды.
Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мәслихат депутаттарын өзекті мәселелерді шешуде азаматтармен кездесіп, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды. Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік […]
фото: ғаламтор желісінен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі экологияны қорғау және көгалдандыру саласындағы жауапкершілік. Қазақстан экологиясы үшін маңызды шаралардың бірі — табиғатты қорғау, көгалдандыру және ағаш отырғызу. Бұл тек мемлекет деңгейінде ғана емес, […]
Шымкент қаласының өнерпаздары Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап тосынсый ұйымдастырды. Нақтырақ айтқанда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап майдангер қарттарға арнап мерекелік концерт өткізді. Бұл Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту […]
Пікір қалдыру