Абай ауданы аумағында орналасқан жерасты өткелдеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары «Абай» КММ-і тарапынан күнделікті күндізгі және түнгі кезекшілік бойынша атқарылады.
Айта кетейік, ауданға қарасты 6 жерасты өткелі бар. Атап айтсақ, А-2 айналма жолы,
Жиделібайсын көшесі, Темірлан тас жолы Алаш базары алдындағы және Бекжан базары маңында, сонымен қатар, Төлеметов және Бәйдібек би көшелерінде орналасқан.
Жалпы қаланың келбеті сәулетті үйлермен, жасыл саябақтармен шектелмейді. Қаланың ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан, акция аясында бұл бағыттағы жұмыстар аудандағы елдімекендер мен көпқабатты тұрғын үйлер аулаларында кестеге сәйкес жүргізілуде.
Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Қазіргі кезде экология мәселесі күрделеніп барады. Экологияны қорғау, табиғатты сақтау – жастардың қолында.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат тазалығы — бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі таңда әлемдегі қоқыс мәселесі – күн тәртібінде тұрған негізгі тақырыптардың бірі. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен тұтыну көлемінің артуына байланысты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың саны күрт өсіп келеді. Әлемдік ластану адамдарға ғана жағымсыз әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянын тигізеді.
Осындай экологиялық акцияларға қатыса отырып, біз балаларды табиғатты қадірлей білуге үйретіп, қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін ұялатып қана қоймай, табиғатқа зиянын тигізетін әрекеттердің алдын алу міндетін қойдық. Бүгінде бұл жұмыстың қажетті әрі маңызды екеніне, оны үнемі жүргізіп отыру қажеттігіне, сонда ғана біз бұл бағытта оң нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз.
Пікір қалдыру