Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Guyi Holding Company» құрамына кіретін компания өкілдері үш меморандумға қол қойды. Маңызды келісімдер мегаполис басшысының Сиань қаласына сапарының нәтижесінде жүзеге асып отыр.
Олардың қатарында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы және ағын суларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін цифрлық жабдықтар шығаратын зауыт салу туралы алдын ала келісімдер, сондай-ақ қаланы көріктендіруге бағытталған жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы меморандум бар.
Жуырда қала әкімі инвесторларды аумағында электромобильдер шығаратын зауыт құрылысы жоспарланып отырған «Жұлдыз» индустриалды аймағымен таныстырды. Ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған.
Бұл меморандумдар тек Шымкентте ғана емес, еліміздің өзге де қалаларында да электромобиль өндірісін дамытуға септігін тигізетін стратегиялық маңызды қадам саналады. Қала басшысы инвесторларға сенім білдіргені үшін алғыс айтып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді.
Шымкент қаласы қазіргі таңда көгалдандыру мен жасылдандыру бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта қала аумағында көптеген жобалар қолға алынған, және олар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ табиғи ортаны қорғауға […]
Шымкент қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында, автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы басталды. Шара барысында Egov.kz жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар шымкенттіктерге Mgov.kz, телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. […]
Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Шымкент-менің қалам» акциясы өткізілді. Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Тазалық сақталған жерде тәртіп те бар. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған […]
Пікір қалдыру