Шымкент: Қаратау ауданы қала күніне орай тазалық акциясын ұйымдастырды

Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Шымкент-менің қалам» акциясы өткізілді. Әрбір адамның туған қаласына деген сүйіспеншілігі тазалықтан басталуы қажет. Тазалық сақталған жерде тәртіп те бар. Осыны ескерген Қаратау аудан әкімдігі қала күніне орай тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған  іс-шараға 40 аудан қызметкері мен 30 ерікті жастар және мердігер мекеме қызметкерлері, сондай ақ аудан тұрғындары қатысты. Шырайлы Шымқаланың айтулы күнінде ұйымдастырылған тазалық шарасына сонымен бірге15 арнайы теxника жұмылдырылды.
Тазалық акциясы  барысында тұрғындар көп шоғырланған елді мекендердің аулалары, яғни жалпы көлемі 25 гектар аумақ тазартылды. Сондай ақ 9 км ирригация жүйелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Онымен қоса 4 гектар аумақтың шөбі орылды. Сондай ақ Қаратау ауданы аумағындағы 900 түп ағаш әктелді. Шымкент қаласының күніне арналған тазалық жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар ерікті жастардың қолдауымен 6 тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың үйлерін әктеу, сырлау жұмыстарын жүргізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*