Шымкентте короновируспен күреске 2764 дәрігер жұмылдырылған

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте 26 емдеу мекемесінде жалпы 2 764 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Білікті мамандардан жасақталған дәрігерлер жұқпалы аурулар ауруханасы, карантиндік стационарлар, жедел жәрдем станциясы, емханалар мен зертханалық орталықтарда тынымсыз еңбек етуде. Медицина мамандары алғашқы күннен бастап науқастарға қолдан келген көмегін жасауда. Тіпті наурыздан бері үйлеріне бармаған дәрігерлер бар. Ақ халатты абзал жандар күнделікті дертпен бетпе-бет келіп, эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне қарамастан өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келеді. Шымкент қаласындағы мемлекеттік медициналық ұйымдарда жалпы 3226 дәрігер мен 8493 орта буынды медицина мамандары күн-түн демей жұмыс істеп жатыр.

Жұмысына адал дәрігерлер қауымы тәулік бойы жұмыс істейді. Қазірде қаладағы медициналық ұйымдардағы 300-ден аса қызметкерлер қонақүйге жайғастырылған. Бұл — қауіпті ошақта жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандардың отбасын сақтау мақсатында және қауіпсіздік жұмыстарын күшейту үшін қолға алынған қадамдар.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*