Шымкент қаласында «Біз біргеміз» акциясы аясында мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отырғанын айтады ұйымдастырушылар. Ізгі ниеттен туған бұл бастаманың шеңберінде Шымкент қаласында тұратын мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтары табысталды. Көмекке шын мұқтаж жандардың тізімін жасауға қаладағы төрт аудан әкімдіктері мұрындық болған. Әкімдіктер тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша азық түлік себеті таратылған. Бұл тізімде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты зейнеткерлер де бар. Мұқтаж жандарға көмекті «Nur Оtan» партиясы белсенділері мен «Jas Otan» жастар қанатының жастары және еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді. Алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық шаралары жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте биыл 6 840 түлек ҰБТ-ға қатысады
Шымкент қаласында осы жылы 6 840 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Еліміздің үшінші мегаполисінде биыл 8 470 түлек мектепті бітіргелі жатыр. Оның ішінде 6046-ы қазақ тілінде, 1545 оқушы орыс тілінде, ал қалған 879-ы өзбек тілінде мектепті аяқтайды. […]
Шымкентте короновируспен ауырған 78 жастағы қария көз жұмды
Шымкент қаласында 3 мамыр күні коронавирус жұқтырған бір науқас көз жұмды. 1942 жылы туған қарт әйел Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны. 78 жастағы науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық […]
ШЫМКЕНТ: ҚҰЖАТТАРДЫ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨТІНІШ» СЕРВИСІ АРҚЫЛЫ ЖЕДЕЛ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
Мемлекеттік қызметтің 14 түрі бойынша азаматтар өтінішті «электрондық үкімет» порталының «Электрондық өтініштер» сервисі арқылы рәсімдеуге болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің […]
Пікір қалдыру