Шымкентте короновирустен емделіп шыққандар саны 218-ге жетті

Шымкент қаласында короновирус инфекциясынан 218 науқас емделіп шықты.  25 мамырдағы жағдай бойынша қалада коронавирус жұқтырғандар саны 606 азаматқа жетсе, 218 науқас ауруханадан емделіп шықты. Бұл жайында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін Шымкентте пандемиядан 6 адам қайтыс болды.  Өткен тәулікте жүргізілген лабораториялық зерттеу короновирус инфекциясын жұқтырған 36 жаңа жағдайды анықтады. Сөйтіп бір тәуліктегі өсімі 6,3%-ды құрады. Еліміздің үшінші мегаполисінде әлемдік пандемия тырнағына іліккендерді саралайтын болсақ, Covid-19 вирусының 22-сі сырттан келгендер, 359-зы науқастармен қатынаста болғандардан, 225-і жергілікті жерден шыққан.

«COVID-19» жұқтырғандардың 12% (74) балалар болса, 88% (532) ересек азаматтар болып шықты.

Емделіп жатқан 388 науқастың 302-і немесе 78%-і жеңіл, 11-і-жағдайы ауыр жағдайда болса, орташа жағдайда 75 адам.

Қала бойынша 260 карантиндік ошақ тіркелген. Бүгінгі күнге оның 132–сі бақылауда. Шымкент қаласында  инфекцияның тез таралуына жол бермеу мақсатында әкімшілік тарапынан бірнеше маңызды шаралар қабылданды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*