Шымкент қаласында «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелді — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұған дейін жаман індетке шалдыққандар саны 13 болатын. Алайда қаладағы Желтоқсан көшесі 3 А үйдің жиырма төрт жасар тұрғынына вирустың жұққаны анықталды. Артынша яғни күні кеше алтыншы сәуірде ол жігіттен отбасы мүшелеріне жұққаны белгілі болды. Олар, науқаспен жақын байланыста болған 5 отбасы мүшесі (әкесі, анасы, ағасы, әйелі, баласы) оқшауланған болатын. Сол азаматтардан алынған сынама инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.
Сондайқ-ақ, бүгін жетінші сәуір күні қалада коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Науқас осыған дейін індет жұқтырған азаматпен жақын байланыста болғандықтан оқшауланған. Зертханалық сынамалар нәтижесінде диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқасқа қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында бекітілген хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде. Бүгінде Шымкентте «COVID19» инфекциясымен жалпы 20 адам тіркелген.
Пікір қалдыру