Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, сегіз заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, отыз екі мың дана бетперде, мың жеті жүз отыз литр антисептикалық заттар жалпы сомасы сегіз миллион екі жүз жиырма бес мың теңгеге және жиырма мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы жеті жүз қырық мың теңгеге саудаланған. Аталған деректер бойынша, ҚР ӘҚбК 463 бабына сәйкес, алты әкімшілік хаттама толтырлып, сот органдарында қаралуда.
1 іс-құжат ҚР ӘҚбК 424 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көру үшін, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілтін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған. Бұдан басқа, 1 іс-құжат бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралуда.
Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері бүйрегін тас байлаған 39 жастағы әйелді аман алып қалды. Науқас ауруханаға өте ауыр халде түскен. Дәрігерлер «Compact Sigma» литотриптер аппаратының көмегімен науқастың бүйрегі мен несепағар жолдарындағы тастарды отасыз түсірді. […]
Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға мыңнан астам пәтер беріледі деп күтіліп отыр, деп хаббарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді. «Шымкентте 37 мыңнан астам адам үй кезегінде […]
Бастапқыда Президенттің тапсырмасымен 8 сәуір мен 13 мамыр аралығында жарияланған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азаймай тұр. […]
Пікір қалдыру