Шымкент қаласындағы банк бөлімшелерінің алдына кезек күтушілерге арналып арнайы жолақтар сызылған — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
Бұл туралы «Halyk Bank» акционерлік қоғамы Шымкент қаласындағы өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Айта кету қажет, клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр.
«Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Қазір зейнетақыларды беріп аяқтадық. Соған байланысты айдың басында банк алдында халық қарасы көп болып еді, қазір ол азайды. Жалпы банкоматтардың алдында 100-ге жуық ерікті мен полицейлер тәртіпті қадағалап, көмектесуде», — деді Айжан Досымбекова.
Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бахтияр Есжановтың төрағалығымен Еңбекші аудандық Полиция басқармасында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы қызмет нәтижелерін қорытындылауға арналған жедел кеңес өтті. Жиынға басқарма басшылығы, бөлімше жетекшілері, учаскелік полиция инспекторлары, тергеу […]
Шымкент қаласынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы судан зардап шеккен ауылдарға 10 су сорғыш техникасы жіберілді. 5 мамыр күні таңертең сағат 06:00-де Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданына авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосымша […]
Үстемақы алған шымкенттік дәрігерлер мемлекеттің қолдауына алғыстарын айтып жатыр. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 1290 медицицина қызметкеріне үстемақы төленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырма берген болатын. Бұл ретте, […]
Пікір қалдыру