Шымкентте 540 пәтер өз иелерін күтіп тұр

Биыл Шымкент қаласында әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға  мыңнан астам пәтер беріледі деп күтіліп отыр, деп хаббарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова мәлімдеді.

«Шымкентте  37 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде көп балалы аналарымыз 3500 азамат. Осы жылы 4524 пәтер, 81 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 828 пәтерлі 14 үйдің құрылысын аяқтап, кезекте тұрған азаматтарға таратамыз. Одан бөлек бүгінгі таңда, 540 пәтер тапсырылды. Ол пәтерлерді тарату бойынша қазір комиссия жұмыс жасап жатыр. Нәтежиесінде әлеуметтік әлсіз топтағы 1365 отбасыға пәтерлерін тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз»,— дейді ол.

Осылайша қала билігі 2006-2009 жылдары тұрғын үй кезегіне тұрған азаматтардың мәселесін шешуді көздеп отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*