Шымкентте 21 миллиард теңгеге 21 шақырымдық даңғыл салынады

Шымкент қаласында 21 миллиард теңгеге ұзындығы 21 шақырымды құрайтын Ташкент бағытындағы даңғыл салынады, деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы Шымкентке іс-сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің алдында жасаған баяндамасында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндады. Және де ол қаржыны қала басшылығы Астанадан сұрап отыр екен.

«Алдағы 5 жылда 1 триллион 119 миллион теңгені құрайтын 78 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде  республикалық бюджеттен 315 миллиард теңге, жергілікті қазынадан 82 миллиард теңге және мемлекеттік- жекеменшік серіктестік арқылы 75 миллиард теңге, жеке және басқа да көздерден 645 миллиард теңге  қаржы тартылатын болады. Сонымен қатар кешенді жоспардағы жобаларды жүзеге асыру үшін 486 гектар жерді мемлекеттік мұқтажға қайтару қажет. Оның ішіндегі ірі жобалардың бірі құны 21 миллиард теңгені құрайтын, ұзындағы 21 шақырымдық Ташкент бағытындағы даңғыл құрылысы»- дейді қала әкімі.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*