Шымкент қаласында жылыжай көлемі артып келеді. Биылдың өзінде 6 гектарға жуық жылыжай кешені іске қосылып, қаладағы жабық кешендердің жалпы аумағы 200 га жетті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл соңына дейін тағы 15 гектар өнеркәсіптік жылыжай айналымға қосылады деп жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Шаһардағы жылыжайлардың 62 гектары соңғы үлгіде жабдықталған әлеуетті өндірістер. Жаңа технология бойынша, яғни, түркиялық, испаниялық қондырғылармен жабдықталған.
Осылайша, жылдан-жылға қалада өндірілетін көкөністің сапасы артып келеді.
Шаруалар мегаполис тұрғындарын жыл бойы ай көкөніспен қамтуды жоспарлап отыр.
Былтыр Шымкенттегі жылыжайлардан 7200 тонна өнім жиналып, одан түскен қаржы көлемі 2,4 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы өнім көлемін 10 мыңнан тоннадан асыру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, осы салаға маманданған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қалада «Агро-индустриалды аймақ құрылды. Қазіргі таңда жылыжайларға 32,3 млн. теңгеге дейін тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша субсидия беріліп, мемлекеттік қолдаулар жүзеге асырылып жатыр.
Пікір қалдыру