Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963 ж., 1993 жылғы. Қалған 11 азамат — 1973 ж.,1988 ж., 1989 ж., 1973 ж., 1999 ж.,1985 ж., 1984 ж., 1970 ж., 1994 ж., 1967 ж., 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
25.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 159 адам анықталды.
Пікір қалдыру