Шымкент қаласында тағы бір адамнан короновирус анықталды. Яғни бүгін, 1-мамыр сағат 11-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 жағдай тіркелген. Қауіпті дертті жұқтырып алған науқастың өзінен короновирус анықталғанға дейін дертті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны белгілі болған. Аты жаман ауру анықталғанға дейін сырқат карантиндік стационарға жатқызылған екен. Сөйтіп одан зертханалық сынама алынған. Зертханалық сынамалар нәтижесі оң көрсеткішті көрсеткен. Яғни науқастың қауіпті дертті жұқтырып алғанын растап отыр.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық екен. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті сырқат адамды емдеу үшін барлық ем шаралары жүргізіліп жатыр. Одан өзге, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда екен. Короновирус жұқтырып алған жаңа науқастың үй-жайы орналасқан аумақта, янни ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 193 жағдай тіркелген.
Пікір қалдыру